Достық туралы

-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сен осылай жасай алар ма едің?
Достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.

Құлан-достар бөзіп шыққан қағынан
Құйып алып қызылынан, ағынан,
Көлгірсіп тост көтереді үйінде,
Сондай кезде балалықты сағынам!
Аңсайсың деп балалықты кең ірге,
Жүрегіме бере алмаймын әмір де?!
Үлкендерді көріп жүрмін досы жоқ,
Доссыз бала көрмеп едім өмірде!..
Қадыр Мырза Әлі

Ұлы даналардың достық туралы нақыл сөздері
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

 

Достық туралы мақал – мәтелдер:
1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.
3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ,
Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ,
Жауы ортақ.

Өмірде досы жоқ адам-ең сорлы адам. Өйткені өмірді достық ұзартады. Сондықтан да өмірің мәнді де сәнді болуы үшін достарың көп болғаны абзал. Достар бірін-бірі толықтырады, бірақ қайталамайды. Олар қай жағынан да тең және деңгейлес келеді. Нағыз достар өзіне жасамайтын жақсылығын досынан аямайды.
Саналы достық-санаулы достық. Бүгінгі достар –достар емес, құлқындастар. Адал достар аз. Дос-пайданың көзі емес, шынайы сөзімнің өзі. Сол себепті достардың арасында ең бастысы сенім болғаны жөн. Сенім болса достықтары да шынайы болмақ. Сондықтан да достықты бағалай білейік! Өйткені, қымбат досты қырық жылда да таппауымыз мүмкін.
Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

 

Пікірлер 

 
0 #3 ThomasSkark 2017-08-23 05:08 Глобальная криптовалютная биржа с низкими комиссиями
Надоели накладные расходы по биржевым операциям?
WCX даст Вам все то-же, что и другие, но при меньших в 10 раз комиссиях.
Дәйексөз жазу
 
 
0 #2 Danielle 2017-04-27 00:43 I would like to take the chance of thanking you for that professional
direction I have always enjoyed visiting your site. I'm looking forward to the particular commencement of my
school research and the overall prep would never have
been complete without browsing your blog. If I may be of any help
to others, I'd be pleased to help as a result of what
I have discovered from here.

Stop by my blog post :: по ссылке: http://elamed.info/
Дәйексөз жазу
 
 
0 #1 Eugene 2017-04-19 15:37 Hello there, simply become alert to your blog via Google, and
located that it is truly informative. I am going
to watch out for brussels. I'll appreciate in case you proceed this in future.
Many other folks can be benefited from your writing.

Cheers!

my web-site … перейти
на сайт: http://geschenkefuermaenner.info/
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:292
Кеше:2077
Барлығы:2759183