Ұлағат сөздер

Көп білген кісі кемеңгер емес, білгені елге көп пайда келтірген кісі кемеңгер
... ата-текті жетік білу – ата тұқымының тазалығын, яғни, рулас адамдардыңөзара қыз алыспайтын ежелден келе жатқан дәстүрлі салтын әрқашанда сақтау қажеттігін көрсетеді. Өйткені жеті атаға жетпей қыз алысуға болмайтынын қазақ қауымы ерте заманда-ақ жақсы білген. Иә, «жеті атасын білмеген жетесіз» деген қанатты сөздің түп-төркіні мәңгүрттіктен хабар беріп тұрған жоқ па ?

Жалпы, қазақ жұрты ата-текке (генаға) ерекше мән беріп отырған. Ежелден-ақ қазақ қауымында ел басқаруға, қол бастауға, елшілік істерге, әділ билік айтуға, т.б. аса жауапты қызметтерге ата-бабасы сан рет халық сынынан мүдірмей өткен

Біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанмен қыз баланы олрадан әсте кем көрмеген.

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Ә.Назарбаев

Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!
Н.Ә.Назарбаев
Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.
Абай

Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады
Абай

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.                   
А.С.Макаренко

Инабатты болса - әйел көрікті,
Ақ сақал жарасса – шал көрікті,
Сүйікті болса – ағайын көрікті,
Үлкен шаңырақтың жанында отау көрікті,
Жібек шатырдың жібі көрікті,
Өнегелі болса – бала көрікті.                  Қорқыт баба
Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы – қайғысы, азап-соры.
В.А.Сухомлинский

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.
Ы.Алтынсарин

Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.
С.В.Михалков

...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.
В.А.Сухомлинский
Жақсы бала көп нәрсені естіп білуге, үйренуге және көкейге түюге талпынады.

Жақсы балаға тән қасиет – ата-ананы сыйлау, сәлемдесу, қонақ күту, үлкен-кішіге қайырымдылық жасау, әділеттілік, дәстүрді құрметтеу - деп білемін.

Жақсы бала бүгінгі ісін ертеңге қалдырмайды. Сабырлы болады. «Ұят» - өлімнен күшті екенін есінен шығармайды.

Жақсы баланың жан дүниесі, рухани әлемі таза, адал болады. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның достығы – мәңгілік. Көп оқуы керек.

Жақсы бала үлкенді сыйлайтын, кішіге ілтипатты, тәртіпті, ұқыпты адал бала болу керек.

Баққан ұлдан сәл талса назарың –
Түбі соның тарттым дей бер азабын.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? –
Олай болса уысыңнан шығарма.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Соңыра күн қалмау үшін табаға,
Жөнге салып, ие болған балаға.

Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер –
Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.

Жас кезінде білім берсең қалай да –
Өсе келе қолы жетер талайға.

Ақылсыз адам өкінішпен қартаяр,
Есті адам қайғырмай-ақ қартаяр.

Мың жасауға да болады,
Он сегіз жасауға да болады.

Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.

Ұл, қыздан да жаман мінез шығады,
Қырсық қылық тек әкеден жұғады.
Жүсіп Баласағұн

Үлкен алдында жас қарызы,
Ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый.
Мұхтар Әуезов

Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің.
Шал ақын.

Ұлым, саған  айтам...
Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.
Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.
Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.
С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:235
Кеше:877
Барлығы:2798265