Мақал-мәтелдер

Ағадан – ақыл,
Атадан – нақыл.

Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу.

Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.

Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.

Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар.

Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.

Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар,
Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.

Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.

Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».

Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт.

Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.

Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.

Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.

Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі.

Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.

Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма.

Ағадан – ақыл,
Ініден – ізет.

Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.

Бала тәрбиесі – бесіктен.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.

Ата – балаға  сыншы.

Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.

Баланың бас ұстазы – ата-анасы

Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.

Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.

Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Адам болатын бала алысқа қарайды.

Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.

Бала - адамның бауыр еті.

Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.

Жақсы бала - еліне бас болады,
Жаман бала - еліне қас болады.

Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.

Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе?

Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.

Тайдың мінгені білінбес,
Баланың істегені білінбес.

Талапты бала – талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай.

Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.

Ұл – қоныс, қыз - өріс.

Ұяты жоқ - ұл жаман,
Қылығы жоқ - қыз жаман.

Балам – балым, баламның баласы – жаным.
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.

Атадан ұл қалса - өзі қалғаны,
Қыз қалса – ізі қалғаны.

Адам болатын бала ағайыншыл,
Бай болатын бала айырбасшыл.

Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас.

Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.

Талапты бала – талпынған құстай.

Жеті атасын білмеген  - жетімдіктің белгісі.

Бір жақсы қыз -  екі жаман ұлға татиды.

Алты ұл туған ананы -
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағайынды -
Жаным десе болады.

Анасына қарап, қызын ал

Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз  үйі

Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды

Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.

Ат тұяғын тай басар

Атадан ұл қалса-өзі қалғаны,
Қыз қалса-ізі қалғаны.

Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.

Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала

Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

Батыр туса-ел ырысы.
Жаңбыр жауса-жер ырысы.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:395
Кеше:966
Барлығы:3038222