Сіңліге сыр...

«Қыздар әлемі» порталының  құрметті қонағы, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, университетіміздегі «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Ақұштап Бақтыгереева бойжеткен қыздарға арналған кезекті сырласу кешін өткізді.  Ақынның дәрісі тыңдалды.  Дәріс барысында көрнекті ақын әр жылдары жазылған туған жер, отан, ана, қыздар тәрбиесі, махаббат тақырыптарындағы өлеңдерін оқыды. Ақын, сондай-ақ, шығармашығы мен мен жеке өміріндегі, студенттік шағындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, сіңлілеріне аналық ақыл кеңесін айтты.

«Айналайын, қыздарым! Сіздер үлкен жауапкершілікті арқалаған ертеңгі күннің ұстазы, ұрпақ тәрбиешісіздер. Ұстаз болудан артық бақыт жоқ бұл дүниеде. Ұстаз атты ұлық есімге лайықты болыңдар. Бүгінгі қазақ қызы ертеңгі қазақ анасы екенін ұмытпаңдар» деген аналық, ақындық ақ тілегін білдірді. Кеш барысында А. Бақтыгереева студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, ақынжанды жастарға ақ жол тілеп, батасын берді. Бойжеткендеріміз әсерлі кештен туындаған арнау өлеңдерін оқып беріп, жырмен шашу шашты.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:380
Кеше:966
Барлығы:3038207