Хат жазысу әдебі

Бүгінгі күні ақпараттық құралдардың дамығаны сонша хат жазу дәстүрінің әдеттен шығып бара жатқаны сөзсіз. Дегенмен де өзін мәдениетті, оқыған санайтын кез-келген адамның ойын бір ауыз жазбаша жеткізе білуі маңызды екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Сондықтан да бүгін хат, хабар жазу әдебіне тоқталамыз. Ұялы телефоннан хабарлама жазғанда да қалай болса солай көше стилін пайдаланбай осы бір ережелерге назар аударыңыздар. Әсіресе бозбала мен бойжеткен арасындағы хабар алмасуда қажетіңізге жарар деген үміттеміз. Қандай мазмұндағы хат жазсаңыз да мына бір жалпы ережені сақтағаныңыз жөн: өз ойыңызды анық та қарапайым білдіріңіз, сол арқылы сіздің сәлем хатыңызды оқыған адамда жағымды пікір қалдырасыз.
Жазылған нәрсенің мәнін кетіретін тым әсерлі, жауыр болған сөздер мен жаттанды тіркестерден аулақ болыңыз. Бұл сіздің хатыңызды оқыған кісіні ығыр қылып жіберетінін ұмытпаңыз.
Сіздің хатыңыз оқыған кісінің құлағына жағымды болсын, сондықтан хат жазғанда сөздер мен сөз тіркестерін мұқият іріктеп қолданыңыз.
Келесі бір маңызды мәселе хат жазған да қолданылатын реңк (тон).
Егер хат туыстарыңыз, жақын достарыңыз бен таныстарыңызға арналса шын көңілден қарапайым, ешқандай әсіре қызыл сөзсіз жазылады. Сонымен қатар хат мазмұны логикалық жағынан жүйелі болғаны дұрыс, сонда ғана сіз өзіңіз айтқыңыз келген ойды толық бере аласыз.

Тілхат – бір нәрсе туралы қысқаша хабарлама. Әдетте олар қандай да бір шұғыл немесе маңызды хабарды жеткізу үшін жазылады. Кез-келген хат еркін ауыз екі сөйлеу тілінде жазылады. Ал кім де кім ауызша әңгімелесуде өзінің ойын дұрыс жеткізе алмайтын болса, ол кісіге ойын жазбаша жеткізу де қиынға түсері сөзсіз. Сондықтан тілхат, хат жазғанда өзіңізді сол кісімен жүзбе-жүз сөйлесіп отырғандай еркін ұстағаныңыз жөн.

Шақыру тілхаты – шақыру тілхатын немесе хабарламалар үй иесінің атынан жазылады.  Шақырулардың мазмұны қысқа әрі қарапайым болады. Оның қағазының сапасы тәуір, ал форматы шағын болып келуі керек. Түскі, кешкі асқа немесе балға шақыру арнайы басылған қағаздарға жазылуы керек.
Ал той боларда, әсіресе қазіргі кезде, қонақты көбінесе үй иесі барып шақыруы немесе арнайы шақыру қағазын жіберуі тиіс. Қазіргі кезде қонақты бір апта бұрын шақырады, өйткені әркімнің алдағы уақытқа жоспарлап қойған әр түрлі жұмыстары болады. Бұрыннан таныс немесе жақын туыстарды болмаса, сыйлы қонақтарды телефонмен шақыру ыңғайсыз болады.

Мысалы:
Қымбатты Еңлік! Сені қыркүйектің 24 күні кешкі сағат 18-де болатын  туған күн кешінің қонағы болуға шақырамын. Мекен-жайымыз: Достық даңғылы 58-үй
Құрбың Еркетаң

Мұндай шақыруларға былайша жауап қайтарған дұрыс.

Қымбатты, Еркетаң, сенің шақыруыңды қуанышпен қабыл аламын. Құрбың Еңлік

Кез-келген хатқа қол қойғанда тек қана атыңыздың бірінші  әрпін көрсетіп қою дұрыс емес. Мысалы: М. Қайта аты-жөніңізді толық жазыңыз. Мысалы:досың (сыныптасың, т.б.) Медет.
Егер қонақ шақырылған жерге бара алмаса, себебін бірден айтқаны жөн. «Көрермін, мүмкін, барып қалармын, бара алмасам, ренжіме» деген сөздер шақырушыға жайсыз тиеді. Қазақтар: «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма»,- дейді.

Кешірім сұрау хаты егер сіз біреуді ренжітіп, өкпелетіп алған жағдайда жазылады. Мұндай хатта барынша адал болып, шындықты айтқан жөн. Түрлі сылтау іздеп, өзіңді көпе-көрнеу ақтап алуға тырысу, әсіре қызыл жағыну орынсыз, ал шындықты мойындау кешірімге бір табан жақындата түсері сөзсіз.
Ал егер жазықсыз кінәлі болып қалғанда болған істі көп әсерлемей рет ретімен жеткізу шындықтың ашылуына себеп болады. Егер өзіңіздің кінәсіздігіңізді делелдеймін деп өзге біреуді кінәлауға тура келген жағдайда өте сақ болғаныңыз дұрыс. Ол кісінің кінәсіне ешқандай күмәніңіз болмаған жағдайда ғана бұлай істеуге болады, ал ешқандай негізсіз біреуді кінәлау отқа май құйғанмен бірдей.
Егер абайламай айтылған сөзіңіз немесе аңдаусыз істелген ісіңіз үшін кешірім сұрағыңыз келсе, алдымен ол кісінің өкпе-ренішінің тарқауына, сабасына түсуіне мұрша беріңіз, өйткені ашу үстіндегі кісі ешуақытта дұрыс шешім қабылдай алмайды. Белгілі бір уақыт өтіп, ашуы басылған кезде кешірім сұрап хат жазыңыз. Тек ол хатыңыз сабырмен алдын ала ойланып жазылған болса, оның мақсатқа жетері сөзсіз.

 

Пікірлер 

 
0 #16 f 2015-04-15 02:29 Дәйексөз: Gulnur:
Ақылдарыңызға рахмет бұндайдын барін білемізго бір хат жазуды білмейтіндей жазып тастаганго… тормыздар

Жұртты сынамастан бұрын, алдымен сауатты жазуды үйренгеніміз жөн.
Дәйексөз жазу
 
 
+10 #15 Жолмырза Жаннұр 2013-11-01 17:32 хатты қазір онша көп қажет етпейді себебі қазір техника дамыған Дәйексөз жазу
 
 
+2 #14 @yd@n@ j@num! 2013-05-03 16:38 tema!!!!!!!!!!! !????????!!!!!!!!!!! Дәйексөз жазу
 
 
-5 #13 @yd@n@ j@num! 2013-05-03 16:37 conina dyin okimadim birak kuwty dep maktagan son mende aytayin {kushty} Дәйексөз жазу
 
 
+11 #12 Асылкул 2013-04-11 03:02 мыналарыныз жақсы екен қуаныштымын !!!! Дәйексөз жазу
 
 
-7 #11 Gulnur 2013-04-07 23:39 Ақылдарыңызға рахмет бұндайдын барін білемізго бір хат жазуды білмейтіндей жазып тастаганго… тормыздар Дәйексөз жазу
 
 
+4 #10 Женис 2013-02-13 04:18 маған ұнады, өте керемет. Дәйексөз жазу
 
 
+2 #9 айдана 2012-06-17 06:42 ote jaksi Дәйексөз жазу
 
 
+1 #8 айдана 2012-06-17 06:41 Дәйексөз жазу
 
 
+5 #7 Жанымка 2012-06-13 16:37 мен өз басым хаттарды жаксы жазамын бір ауыздан жеткізе білемін
бірак сондада рахмет
Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:388
Кеше:966
Барлығы:3038215