Қой сою дәстүрі

 

Қой союда орындалатын
салт – дәстүрлер.
Түсінік.
1 Сойылатын қойды таңдау. Сойылатын қой пышаққа жарамды семіз болуы керек. Буаз қой сойылмайды, өсімге қалдырылады. Көбіне қоңы жарамды қартаң қой таңдалады.
2 Таңдалып алынған қойды қонаққа көрсетіп, бата сұрау. Сояр қой таңдалып, іріктеліп алынғаннан кейін үй иесі ақ адал –малын қонгағына көрсетіп бата сұрайды.
3 Қысапшы пышағын, үй дайындау, құманға жылы су құю. Үй иесі малын қонағына көрсетіп, оның ризашылығын алып жатқанда қасапшы пышағын сайлап, құманға жылы су құйып, шаптасын ыңғайлап қояды.
4 Малды бауыздау. Малды бауыздау үшін қан –жын төгіліп, үйдің маңын шыбын –шіркей басып кетпеуі үшін малды аулаққа көбіне су жағасына апарып, төрт аяғын айқастыра қосып байлайды. Малдың басын құбылаға (оңтүстік батысқа) қаратып «бісмілә»деп бауыздауға кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін айтып кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді.
5 Қойдың аяғын байлаған жібін шешу, құмандағы сумен қойдың алқымын жуып, бауыздау, қанынан тазарту, қолын, пышағын жуу. Бауыздалып жаны әбден шыққанан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешіліп алынады. Содан кейін қысапшы құмандағы жылы сумен қойдың алқымын жуып бауыздау қанынан тазартады, қолын, пышағын жуады.
6 Бауыздалған қойдың екі түрлі тәсілмен сою. Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен сойылады. Бірі – төселген шыптаның үстінде жатқызып сою да, екіншісі артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп сою (кей жерде асып сою деп аталады)
7 Қойдың терісін іреу, түю. Қойды сою үшін алдымен терісінен ірейді (түйеді). Іреу деп сыпыруға қолайлы мүмкіндік жасау үшін белгілі бір тәртіппен қойдың терісінен бауыр жағынан кесуді айтады.
8 Бас пен 4 сирақты үйту. Тері сыпырылмас бұрын бөлек алынған бас пен сирақ үйтуге жіберіледі.
9 Терісі сыпырлған қойдың денесін мүшелеу.
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1280
Кеше:1922
Барлығы:3073078