Нашақорлық ортақ қасірет

«Адам  азса, заман тозады» оны жаңарту да, құрдымға құлдырату  да өзімізге байланысты. Арақ ішу, темекі тарту  аздай, жастарымыз енді есірткіге бой ұра бастады. Мұның себебі  не?

Күні кешеге дейін «нашақор» деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Ластықтан  жиіркенетінбіз. Енді, міне, деректерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алыныпты. Бұл елімізді жайлаған үлкен дерт, түпсіз  құрдым.

Дәрігерлердің айтуынша, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен адам аз уақытта біржола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәтте тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады екен.

 

 

 

 

 

 

Наркодиспансердегі бір күн

(Ортада нашақор рөліндегі бала, өңі жүдеу, жаны қиналған кейіпте отырады)

Тілші: Әй, бала, мына жерге қалай ғана тап болып жүрсің?

Нашақор:  Алғаш рет достарыма ілесіп, есірткінің қандай екенін білгім келді. Тек қызығушылық мақсатында қолдандым. Қан тамырыма есірткі  дозасы жіберілді. Сол сәттегі рахат сезімімді, көңілі ояу, көкірегі  сау пенде бастан кешірмейтіні кәміл. Қызыл – жасыл ғажап  әлемнің ішінде боласың.

Тілші:  Демек, есірткі адамды осылай айналдыратын болғаны ғой. Ал ақшаны қайдан табасың?

Нашақор: Үйдегі әке – шешемнің ұрысқанын елемеу және бүкіл ренішті ұмыту үшін есірткіні жай қолдандым. Қазір онсыз өмір сүре  алмаймын. Дер кезінде қабылдамасам, өзімді дұрыс ұстай алмаймын. Сондықтан, ол маған өте қажет. Ал ақшаны әке – шешемнен сұраймын, бермесе ұрлап аламын.

Нағыз бұзылған нашақор түзелмейді, емдеуге де келмейді. Қоғамның саналы мүшесі емес. Ал біз осыған еліктеп жүрген мыңдаған құрбыларымызды бұдан сақтап қалуға тиіспіз. Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең зоры. 20 грамм героиннің құны – 1000 доллар. Басқа түрлері де осы тектес. Бұл ақша, шіркін, денсаулыққа жұмсалса. Біз, ХХІ ғасырдың болашағын құрамыз. Сондықтан аталмыш апатпен күресуді қазірден өз қолымызға алуымыз керек.

Нашақорлыққа қарсы күрес - әлемді құтқарып қалады.

 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:1280
Кеше:1922
Барлығы:3073078