Суицизм – шарасыздық шырмауы

Біз адамдар Алланың құлымыз.
Алла бізге күннің шуағын сезінуді, мөлдір суды ішуді,салтанатты өмір сүруді сыйлады. өмір ащы мен тәттіден, жақсыменжамманнан қайғы мен қуаныштан тұрады.
Егер барлығы бір бағыт жақсы немесе жаман болып кетсе, «өмір » деген ұғымның мәні қалар ма еді? Барлығы бекер, іш пыстырарлық нәрсе болып көрінер еді ғой?! Ал қазір, адамдар сол өмірдің  мәнін терең  түсіне ме? Мен әрине,барлық жанға топырақ шашудан аулақпын, дегенмен, біздің ортамыздаондай адамдарыңда бар екені жанды қиналтып, жүректі қынжылтады. Адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы адамның азғаны, заманның тозғаны дегенге саятындай.Не себептен сол жағдайға жетеді? Сол төңіректе ой толғасам...

 

Қазіргі кезеңде орта ағымының өмірсалауатын дұрыс қабылдамауы, көзқарастың әртүрлі қалыптасуы, ата-ана мен бала арасындағытәрбие мен қоғам арасындағы пікірлердің қарама-қайшылығы. Бір түйінге тоғыспауы. Сананың сергелдеңге түсіп,ақылдың жүрекке бағынбауы. Соның салдарынан жүйкенің ауытқып, мидың улануы.сабырсыздық, тез ашуланшақтық, асығыстық,адамды осы жолға беттететіні анық, қоғамда тауыңды шағып, сағыңды сындыратыннәрселер көп болады. Себебі бұл - өмір. өмір ағысы бір беткей ақпайды, өзенніңағар саласында кедір, бұдыр тастар, бөренелер болатыны секілді. Біздің айналамызда ең үлкен мәселелердің бірі – діни экстремизм. Діни сауатсыздық. Жастардың көпшілігі тура жол таңдамақ болып, теріс жолға қалай беттегенінөздері де байқамай қалады. әр түрлі ағымның жетегінде кетеді.қой терісін жамылған қасқырлардың арбауына түсіп, жапа шегеді.адамдардың аңғал, сенгіштігітура жолдан адастырып, құздың құлар шетіне әкеліптірейді. Шарасыздықтың шырмауына байланған жан басындағы қиын жағдайдан шығатын жол таба алмай, өлімнен басқа нәрсені көрмейді. әр нәрсенің, әр қиын жағдайдың бір шешімі болатынынадам үнемі есінде ұстау керек. Ол жай ғана уақытша пенде басына берілетін сынақ. Сол сынақтан, тағдыр талқысынан,өмір ағысынан сүрінбей өту әр пенденің қолынан келмейтін іс.
Бұл ерлікті істейтін адам нағыз – ер, нағыз – азамат. Сол көзді ашып жұмғанша көрген түстей зулап өтетін қиыншылықтарға шыдай алмай, екінің басына беріле бермейтінбақ жарық дүниені көру, өмір сүрі бақытынан өзін-өзі айыруы бүгінгі қоғамның санасыздығы,надандығы десек артық болмас. Хадистердің бірінде: өмір сүру бақытынан өзін-өзі айырған адам – кешірілмес күнә жасаған адам – деп жазылған. Демек, әр адамға ең қажетті нәрсе – шыдамдылық, сабырлылық. Осы екі нәрсені адам бойына жинаса, ол адам тура жолдан адаспайды. әрқашан адам «Бір қайғының бір қуанышы» боладыдеп жұбатуы тиіс. Қандай жағдайдың болсын, өлімнен басқа амалы бар екеніне сенуі керек.
Шарасыздыққабой алдырмау – үлкен ерліктің, батырлықтың белгісі.
Қамшының сабындай мына бес күндік жалған дүниеде адамгершілік қасиеттерден алыстамайық. Бір ғалым ертеде: «ең қиыны дүниеге адам болып келіп, адам болып кету» деген екен сондықтан, гүлдейжайнаған өміріміздің өзімізқолымызбенжұлмайық. өз тамырымызға өзіміз балта шаппайық. Мына жйнаған әлемде жалғыз емеспіз, бізді керек ететін жандардың бар екенін ойлайық. Себебі, өзімшілдік – ең жаман қасиет. «Бақытсызбын деп аһ ұрма, себебі сол жерден нағыз бақыттың табылуы мүмкін» деген екен дана халқымыз.сондықтан, еңсемізді еркін көтеріп, егемен тәуелсіз елімізде бақытты да қуанышты өмір сүрейік!
Барлық қиындықтың уақытша екенін естен шығармайық. Себебі, мәнді де сәнді өмір сүру біздің ең басты  парызымыз.

 

 

Пікірлер 

 
-1 #5 Сая 2014-02-22 23:32 Өкінішті, ата ананы тандап тумайсын. Дәйексөз жазу
 
 
0 #4 Акмарал Акмарал 2013-03-12 01:01 Мына жалган омiрден катты шаршадым. Жастайымнан Кудай менi кайгы муннан айырмады.бiр праблемадан кейiн екiншiсi дайын турады. Жасым небарi 15те болсада омiрден катты тунiлiп кеттiм. Осы уакытка дейiн барлыгына шыдап тозiп келдiм,бiрак ендi будан артык шыдай алмайтын секiлдiмiн =(( Дәйексөз жазу
 
 
-1 #3 Абикеева Самал 2012-04-15 10:50 тезірек өмірден кеткім келеді…әке-шешемнін ақылсыздығынан шаршадым Дәйексөз жазу
 
 
+3 #2 Asel 2012-03-29 22:15 омирден катты шаршап кеттим.психологтын комеги катты кажет)))) Дәйексөз жазу
 
 
+1 #1 Әбішева Гүлнұр 2012-02-19 20:39 мен қатты тұйықталып кеттім психологтардан қалай кеңес алсам болады? Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Пікір қосу ережелері


1. Латын әріптерін қолданбауға тырысыңыз, сөздерді қатесіз жазып, қазақ әріптерін толық жазыңыз.

2. Егер де сізде біздің мамандар мен психологтарға сұрақтарыңыз болса, оларды сұрақ-жауапта қоюыңызға болады.

3. Егер де сізде ұсыныстар мен тілектер пайда болса, оларды қонақ кітабында жазыңыз.


Қорғау коды
Жаңарту

Соңғы пікірлер

Статистика


Бүгін:573
Кеше:1699
Барлығы:3036695